Қазақи сәйкестілік

Версия для печати

 

2014 жылдың 5 қарашасында сағат 11 де Қазақстан Республикасының Ұлттық Кітапханасының мәжіліс залында, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-эксперттік тобының төрағасы,философия ғылымдарының докторы  Шайкемелов Мұхтарбек Сейт-Әлиұлының «Қазақи сәйкестілік» атты монографиялық еңбегінің презинтациясы өтті. Аталған іс-шара Алматы қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясының, Ғылыми-эксперттік тобының мүшелері мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Кітапханасының қолдауымен өтті.

Монография авторы қазақи сәйкестілік ұғымын қазақ халқының негізінен ашық болуы және қазақтардың толерантты мәдениетінің арқасы ретінде ашып, және де осы жәйтті Қазақстандағы этностардың мәдениеті мен ұлт-аралық келісімінің  негізгі қалаушы құралы ретінде қарастырады. Монографияда көрсетілгендей, ұлттық-мемлекеттікті жасайтын модель ретінде, Қазақстан үшін - қазақ халқы мемлекет қалаушы этнос ретінде алынып,сонымен қатар тілі мен мәдениеті заманауи азаматтық қоғам мен ұлттық ортақ мүддені нығайтатын азаматтық мемлекеттіктің діңгегі ретінде көрсетіледі.

Іс-шараның модераторы ретінде Алматы қаласының ҚХА Ғылыми кеңесінің ҒЭТ мүшесі, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Кан Георгий Васильевич сөз бастады. Алғыс сөзімен Алматы қаласының ҚХА Секретариятының төрағасы Абдалиева Маргарита Абубакировна сөйледі. Сонымен қатар монографияны талқылау барысында: Алматы қаласының ҒЭТ мүшесі, профессор Кадыржанов Р.К., «Ирныхас» қалалық осетин мәдени-ағартушы орталығының төрағасы Мамсуров К.В., түркмен мәдени орталығының төрағасы Аннакулиева Г.А., Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келiсiм» КММ бөлім жетекшісі, PhD, Махмутов Д.С. сөз сөйледі.

Іс-шарада Алматы қаласының ҚХА Ғылыми кеңесінің ҒЭТ мүшелері, ҚР ҒБМ философия, саясаттану, дінтану институтының қызметкерлері, Алматы қаласы ҚХА Секретарияты, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келiсiм» КММ, Алматы қаласының этно-мәдени бірлестіктерінің төрағалары мен мүшелері, Ұлттық кітапхананың оқырмандары мен БАҚ өкілдері қатысты.