Сұхбат

Наринэ Микаелян: Қазақ халқына мың алғыс!

Наринэ Гамлетовна Микаелян – Қазақстан Республикасы Парламенті мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобының, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі.

— Наринэ Гамлетовна, әңгімемізді сіздің отбасыңыздан бастасақ. Әр этнос өкілдерінің өзіндік қызыққа толы ғұмырлы отбасылық тарихы болады емес пе?!

Салим Айлазов: Бәріміз бір атаның баласындаймыз. Бір-біріміздің айырмашылығымызды байқамаймын

Жастар жылы жарияланысымен Қазақстан халқы Ассамблеясының жастар қанаты маңызды іс-шараларды жоспарлап, оларды жүзеге асыруды бастап кетті.

Астанадағы этномәдени орталықтардың белсенді жастары да сырт қалмай, күш біріктіруде. Солардың қатарында М. Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университетінің IV курс студенті, университеттегі Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жарасым» клубының жетекшісі, күрд этномәдени орталығының мүшесі Салим Айлазов та бар.

Хасан Шарипов: Қазақстан халқы Ассамблеясы – достықты, татулықты сақтайтын үлкен үй

Астаналық тұрмысы төмен жас отбасына көмегін беріп, қамқорлығына алған кәсіпкер Хасан Шарипов тарихи отанын артқа тастап, Қазақстанға жер аударылып келген ата-анасының ақылын тыңдап өскен көрегенді жан. Бүгінде жүзден астам отбасын жұмыспен қамтып, кәсібін арттырып отыр.

Гульчин Гейдарова: Алғыс айта білу жауапкершілікке тәрбиелейді. Қазақ халқына айтар алғысым шексіз

Қызылорда облыстық түрік этномәдени орталығына биылғы жылы он бес жыл толады. Осы орайда орталықтың төрайымы Гульчин Гейдаровамен сұхбаттасқан болатынбыз.

Гульчин Гейдарова – Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, қоғам белсендісі, үлгілі ана, сыйлы әріптес.

— Гульчин Ансерқызы, орталықтың құрылу тарихымен бөлісе отырсаңыз.

Дәлел Жүзбаев: адам өмірінде тек өз күшіне сенуі керек

Self-made жастар форумындағы ашық алаңда жас кәсіпкерлер өздерінің табысқа жету жолындағы айла-тәсілдерімен бөлісіп, бизнестің қыр-сырын меңгеруге не қажет екенін айтып өткен болатын.

Сондай жастың бірі – «Мирас-2000» шаруа қожалығының жетекшісі Дәлел Жүзбаев. Ол бойындағы іскерлік қабілетінің арқасында кәсіп ашып, оны басқару жолында айтарлықтай жетістікке жеткен жас әрі дарынды басшы.

Талғат Қалиев: Өз елінде жеке тұлға ретінде қалыптаспаған адам басқа елде де өзіне өзі көмектесе алмайды

2012 жылдың 27 сәуірінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясындағы тапсырмасынан кейін араға бір жыл салып «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы құрылды. 

Қазіргі уақытта орталық Қазақстан Республикасының 2020 жылдарға арналған Жастар саясатын жүзеге асыру мақсатында және жастар арасындағы өзекті мәселелерді анықтап, оқу-әдістемелік қолдау көрсету негізінде жұмыс атқаруда.

Аймақ жастарының қолдау табатын ордасына айналған орталыққа биыл алты жыл толады.

Геннадий Шиповских: Қазақстан халқы Ассамблеясы өз міндетін мінсіз атқарып келеді

Өз ортасында жас та болса, бас болып жүрген, қоғамның түрлі мәселелеріне үн қосып, халықтың аманатын арқалап жүрген Геннадий Геннадиевич Шиповских - бірегей тұлға. Еңбек жолын қарапайым темір шебері болып бастаған ол қазірде Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты, экология мәселелері және табиғатты пайдалану комитетінің, сондай-ақ Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі.

Аскер Пириев: Қазақстанда тұрып жатқан ұлттар өзара сыйластықта болса, сырт көздің сыйы артады

Астана қаласындағы «Ахыска» түрік ұлттық орталығы» алғашқы рет 2007 жылы қоғамдық бірлестігі болып құрылып, кейін, 2010 жылы қайта тіркеуден өткен соң, «Ахыска» түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі болып атауын қайта өзгертті.

Орталық түрік этностарының тілін, мәдениетін, салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын, тарихи мұрасын дәріптеу және қоғамдық келісімді сақтау мақсатында жұмысын жүргізіп отыр. 

Медиация – қоғамдық келісімді нығайтуға арналған бірегей құрал

Қазақстанда медиация институты дамып келеді. Медиаторлардың көмегіне жүгіну арқылы соталды дау-жанжалдарды шешу тәсілі біртіндеп қалыптасуда.

Медиацияның қоғамдағы орны айрықша. Қазіргі уақытта білім беру мекемелерінде медиация кабинеттері ашылып, арнайы мамандар даярлануда.

ЗАРҚЫН ТАЙШЫБАЙ: АБЫЛАЙ АҚ ҮЙДІ ҚАБЫЛДАМАДЫ

Қазақ халқының тарихи шешуші кезеңінде билік құрған ұлттың ұлы тұлғасы Абылайханның ат үстінде өткен ерлік пен елдікке толы өмірі туралы тарихшылар арасында қарама-қайшылы пікір көп. Бүгінгі абылайтанушылардың ішінде кесек пікірімен танылып жүрген М. Қозыбаев атындағы СҚМУ профессоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Зарқын Тайшыбаймен осы жайында сұқбат құрған болатынбыз.

Беттер