You are here

Жаңа жылмен құттықтаймыз!

26.12.2017, 17:00   272

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 22 желтоқсанда Ғ.Мүсірепов атындағы жас көрермендер театрында Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ Алматы қаласындағы этномәдени бірлестіктер жетекшілері мен мүшелерінің 200-ден астам балаларына арналған жаңа жылдық шырша өткізді. Іс-шараға Алматы қаласындағы этномәдени бірлестіктер жетекшілері мен активі, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшылығы, Ғ.Мүсірепов атындағы Жас көрермен театрының қызметкерлері қатысты.

Іс-шара аясында театрде балаларды әйгілі жаңа жылдық ертегілердің біреуіне ертіп әкеткен мерекелік қойылым ұйымдастырылды. Сонымен бірге, балаларды қуантуға Аяз ата мен Ақшақар келіп, шыршаның қасында ойын ойнатты. Іс-шара аяғында балалардың барлығына «Қоғамдық келісім» КММ-нен сыйлықтар берілді.

Дата события Ассамблеи: 

Сейсенбі, 26 Желтоқсан, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15