You are here

«Тәуелсіздік полюсы» экспедициясының қатысушыларын қарсы алу

11.01.2017, 15:26   241

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 11 қаңтарда Алматы қаласының халықаралық әуежайында таңғы сағат 4-те «Тәуелсіздік полюсы» экспедициясын қарсы алу салтанаты болып өтті.

 «Тәуелсіздік полюсы» антарктикалық экспедициясы Қазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналып, ұйымдастырылған.

Алғашқы қазақстандық шаңғышылар командасы 42 күн ішінде алға қойылған міндеттердің барлығын ойдағыдай орындап, Оңтүстік полюсты бағындырды.

2016 жылғы 16 желтоқсанда төрт қазақстандық, атап айтқанда, Мағжан Сағымбаев - құрама капитаны, Ілияс Ғалымбеков, Юрий Юшин, Дәулет Шәріпов жолға шығып, 217 шақырым арақашықтықты шыңғымен жүріп өтті. Мағжан Сағымбаев пен Ілияс Ғалымбеков Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын Винсон шыңына орнатты. 

Экспедиция мүшелері экология, биология саласында ғылыми зерттеулер жүргізіп, Антарктида жағдайының адам физиологиясына тигізетін әсерін анықтады. 

Салтанатты іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, «Қазақ географиялық қоғамы» ҚБ басшылығы мен мүшелері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен мүшелері,
Т. Жүргенов атындағы Қазақ өнер академиясының профессор-оқытушылар құрамы мен магистранттары, Алматы қаласы жоғары және арнайы орта оқу орындарының білімгерлері, этномәдени құрылымдардың жастары, сондай-ақ, экспедиция мүшелерінің әріптестері, жолдастары, туыстары, БАҚ өкілдері қатысты. 

 Салтанатты іс-шараны Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Л.Н. Питаленко ашты. Ол экспедиция мүшелерін елге аман-есен оралғандарымен құттықтап, алға қойылған міндеттерді абыроймен орындағандары үшін алғысын жеткізді.

Сөз сөйлегендер: «Қазақ географиялық қоғамы» ҚБ президиумының төрағасы Тастанбеков Төлеген; Алматы қаласы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары К.В.Мамсуров.

«Жарасым» республикалық жастар ұйымы төрағасының орынбасары Қайрыев Рустам өз сөзінде жас қазақстандықтардың экспедиция мүшелерін нағыз патриоттар ретінде үлгі тұтатындығын атап өтті.

Экспедиция мүшелері атынан құрама капитаны Сағымбаев Мағжан сөз сөйлеп, барша қазақстандықтарға зор алғысын білдірді. «Тау шыңдарын бағындырған кезде біз сіздердің қолдауларыңызды әрдайым сезіндік және осы сезім бізге үлкен септігін тигізді» - деді ол өз сөзінде. 

Аталған жобаның бас серіктесі - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі. Серіктестер - «Қазақстан ұлттық географиялық қоғамы» (QazaqGeography) республикалық қоғамдық бірлестігі, Назарбаев Университет, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, С. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті.

Іс-шараны ұйымдастырушылар: ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ; «Қазақ географиялық қоғамы» ҚБ.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15