«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында «Финляндияның 100 әлеуметтік инновациялары» атты кітаптың презентациясы өтті

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 20 желтоқсаны Алматы қаласы республикалық Достық үйінде «Финляндияның 100 әлеуметтік инновациялары» атты кітаптың презентациясы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы «Суоми» карело-фин этномәдени бірестігі ұйымдастырып, оған Қазақстан Республикасындағы Фенляндия республикасының консулдығы өкілдері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестік төрағалары, ғылыми орта, қоғам қайраткерлері қатысты.

«Финляндияның 100 әлеуметтік инновациялары» атты кітаптың презентациясы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында өтіп, оның идеяларымен ұшпа-ұш түседі. Бұл кітапта инновацияларды енгізу және қолдану арқылы халықтың әлеуметтік және басқада мәселелерін шешуге арналған ақпараттары бар.

Іс-шара аясында алғыс сөздерімен: Қазақстан халқы Ассамбеясының төраға орынбасары – Хамедов Абильфас Муслимович, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамбеясын хатшылығының меңгерушісі  - Балғымбаев Назар Албанұлы, Қазақстан Республикасындағы Финляндия Республикасының құрметті консулы – Рамазанов Мурат Мнайдарович қатысты. Іс-шара модераторы Суоми» карело-фин этномәдени бірестігінің төрағасы Смирнов Александр Борисович болды. Сонымен қатар, іс-шара аясында кітаптың таныстырылымында өздерінің ойларымен: Алматы облысы ҚХА төраға орынбасары – Иорданиди Георгий Константинович, Алматы қаласы ҒСТ төраға орынбасары –  Ананьева Светлана Викторовна, Айқын газетінің жауапты хатшысы – Турежанов Каиржан Рахымбаевич және т.б. Іс-шараға қатысушылар жаңаша ойлап стереотиптермен күресу керек деген түйінге келді. Уақытымыздың негізгі капиталы – қозғалыс пен прогресс негізіндегі  интеллектуалды капитал. Болашақ жаңаша ойлауға байланысты және соны «Рухани жаңғыру» бағдарламасы уақытылы және керекті жұмыс жасап жатқаны айқындығын көрсетті.

Іс-шара Тәуелсіздік күніне байланысты концерттік бағдарламамен аяқталды. Қатысушылар саны – 50 адам.

Дата события Ассамблеи: 
Бейсенбі, 21 Желтоқсан, 2017

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.