You are here

Республикалық сурет конкурс өтті

29.08.2017, 17:19   414

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Алматы қаласындағы «Интерконтиненталь» қонақүйінде балалардың «Кел, ертегі суретін саламыз!» атты Республикалық суреттер конкурсының қорытындылаушы баспасөз конференциясы өтті. Жеңімпаздардың суреттері ертегінің сюжеттерін әрлеу мақсатында кітапқа енеді. Нәтижесінде алғашқы рет балалар өздері жасаған кітап жарыққа шығады. Аталған конкурс 2017 жылдың 3 маусымынан бастап тамыздың 15-не дейін жалғасты. Суреттер жиналып болған соң, әділқазылар алқасы 15 жұмысты жеңімпаз деп тапты. Конкурс «Ержүрек Вакцина» атты ертегінің авторы филолог, ҚР еңбегі сіңген педагог Мұхан Қуатбаевтың идеясынан бастау алды.

«Осы ертегі-кітапты жазу идеясы менің әкемнің ұрпақтар сабақтастығына арналған мемуарында өзінің ата тегінің тарихын көрсету барысында келген, - деп әңгімеледі «Вакцинология» Қоғамдық бірлестігінің президенті Қуатбаева Айнагүл Мұханқызы. - Менің әкем отбасындағы 14-ші бала және әкемнің бір анадан туған 15 аға-қарындастарынан  тек үшеуі ғана тірі қалыпты. Оның себебі жыл сайын болатын жұқпалы аурулардың эпидемиясы  болатын. Оның үстіне Қазақстанда вакцинация 40-жылдардың басында ғана белсенді түрде енгізіле бастады. Вакцинация енгізілгенге дейін жұқпалы аурулар мыңдаған адамдардың өмірін қиған, ал енді тірі қалғандарының ішінде мүгедек болып қалғандары қаншама. Қазіргі күні әкемнің 21 немересі бар, әрине ол бала-шаға мен туыстарының қасыңда болғанының қаншалықты бақыт екендігін айтып отырады. Ең алдымен бұл ертегіні әкем өзінің немерелері үшін жазды және немерелерінің өз денсаулығын балалық шағынан сақтауы керектігін түсіндіру мақсатында өз түсінігі мен білімін беру негізгі мақсаты болды. Сонымен қатар, көзге көрінбейтін жауыздыққа вакцинация жасау керектігін көрсете отырып, балалардың ине салдырудан қорықпауына да үндеп отыр» .  

Аталған жобаға құрамында Қазақстан Республикасы Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Балалардың құқықтарын қорғау істері бойынша өкілі -  Зағипа Балиева, «Ғылыми-медициналық қоғам» қоғамдық бірлестігінің  төрайымы Сурия Есентаева,  Қазақстан Республикасы Денсаулық министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының бас директоры Еркін Дүрімбетов, Қазақстан Республикасындағы Pfizer Export B.V. компаниясының  вакцина департаментiнiң меңгерушісі Шукаева Әсел, Қазақстан суретшілер одағының мүшесі, суретші Марат Бекеев, музыкалық продюсер, музыкант Нұрлан Қаражігітов, продюсер, тележүргізуші Серік Ақышев  бар  әділқазылар алқасы қолдау көрсетті.

«Өз денсаулығыңа  қамқор болу - бұл  балаларды ерте жастан тәрбиелеуге қажетті мәдениеттің, өмір салтымыздың бір бөлігі. Бұл жобаны өте жақсы  бастама деуге болады. Біз үлкен азаматтық ерлікке ұмытылып, халық арасында  медициналық  сауаттылықты көтеру бағытында белсенді жұмыс істеуіміз керек және ағартушылық-әлеуметтік жобаларға Қазақстанның болашағына жанашыр адамдардың барлығын қатыстыру керек»,- деп атап айтты Зағипа Балиева.

Конкурсқа 3 пен 8 жас аралығындағы балалар қатысты. Аталған ертегі және конкурс шарттары алдын ала www.konkurs.nmo.kz сайтында жарияланды, балалар  ұсынылған 5 тақырыптың біреуін таңдап, өз өнер туындысын электрондық  мекенжайға жіберу мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар, конкурс аясында Алматы, Астана, Ақтау, Қарағанды, Шымкент қалаларының ірі сауда орталықтарында сурет салуға арналған балалар алаңдары ұйымдастырылды.

«Қатысушылардың  3-тен 8 жасқа дейін таңдалып  алынуы  кездейсоқтық емес, себебі осы жас аралығындағы балалар санасында денсаулық және медицина туралы мағлұматтардың іргесі белсенді түрде қаланады. Өз кезегінде, осы жас топтарындағы балалардың ата-аналары жұқпалы аурулардың алдын алуына арналған шаралар туралы негізделген ақпараттарға зәру», - дейді «ҒМҚ» ҚБ төрайымы Сурия Есентаева.

Бұл жоба «Ғылыми медициналық қоғам» және «Вакцинология» қоғамдық бірлестіктерінің ұйымдастырылуымен және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министірлігі, Қазақстан Республикасындағы Pfizer Export B.V.  компаниясының филиалы, Mega Park, Mega Silkway сауда ойын-сауық орталықтары мен Next ойын-сауық орталықтарының қолдауымен іске асырылуда.

«Біз өзіміздің негізгі қызметіміз – иммунопрофилактика, онкология, жүрек-қан тамыр жүйесіне, ревматология және сирек кездесетін ауруларға арналған инновациялық тиімді препараттарды жасаудан басқа -  Пфайзер компаниясы әлеуметтік жауапты бола тұрып, халық арасында білім және ағарту жұмыстарына арналған әлеуметтік жобаларды қолдаймыз. Қоғамдық денсаулықты жетілістіру көп жағдайда азаматтардың өз денсаулығына дұрыс қарым-қатынаста болуына байланысты. Бұл мақсатқа жету үшін адамдардың өмірін сақтап және оның сапасын жақсартуда бірлесіп іс-әрекет жасауымыз керек», - деді Қазақстан Республикасындағы Pfizer Export B.V. компаниясының  филиалының директоры Махматов Маусыр.

Баспасөз-конференциясы барысында конкурстың қазылар алқасы жеңімпаздардың есімдерін жариялады. Сонымен қатар, 2017 жылдың 16 мен 23 тамыз аралығында  өткен онлайн  дауыс беру қортындысы бойынша фавориттерді анықтады.

Ертегі-кітап 2017 жылы 17-18 қарашасында Алматы қаласында өтетін "Сену және өмір сүру" әлеуметтік-медицина форумы жұмысының аясында көпшілікке таныстырылады.

Қазіргі уақытта байқаудың ұйымдастырушылары ертегі-кітапты емханалар және кітапханаларда тегін тарату мақсатында оны жарыққа шығаруға және көбейту серіктестер іздестіруде. 

 

Жеңімпаздардың есімдері:

 

Жас топтары: 3-4 жас

№ 1 тақырып: Сұм Жезтырнақ пен оның көмекшілері – Стефановская София, 4 жас, Алматы қ-сы.

№ 2: Вакцинаның дүниеге келуі – Кучева Катерина, 4 жас, Осакаровка селосы Қарағанды облысы.

№ 3: Жезтырнақ жақындап келеді – Рахымбек Айжан, 4 жас, Приозерск қ-сы.

№ 4: Вакцина мен бактериялардың шайқасы – Журавлева Вероника, 4 жас, Шахтинск қ-сы.

№ 5: Вакцинаның жеңуі – Түгелова Марьям, 4 жас, Актау қ-сы.

 

Жас топтары: 5-6 жас

№ 1 тақырып: Сұм Жезтырнақ пен оның көмекшілері – Скакунов Александр, 5 жас, Петропавловск қ-сы.

№ 2 тақырып: Вакцинаның дүниеге келуі – Фомина Адия, 6 жас, Кокшетау қ-сы.

№ 3 тақырып: Жезтырнақ жақындап келеді – Алдаберген Жансая, 5 жас, Приозерск қ-сы.

№ 4 тақырып: Вакцина мен бактериялардың шайқасы – Төлегенов Данияр, 5 жас, Петропавловск қ-сы.

№ 5 тақырып: Вакцинаның жеңуі – Бекежанова Әмина, 6 жас, Алматы қ-сы.

 

Жас топтары: 7-8 жас

№ 1 тақырып: Сұм Жезтырнақ пен оның көмекшілері – Бестонова Аделия, 8 жас, Семей қ-сы

№ 2 тақырып: Вакцинаның дүниеге келуі – Пернебек Дінмұхамед, 7 жас, Бекболат селосы Алматы облысы

№ 3 тақырып: Жезтырнақ жақындап келеді – Нұрлан Альбина, 7 жас, Кызылорда қ-сы

№ 4 тақырып: Вакцина мен бактериялардың шайқасы – Қасымова Әмина, 8 жас, Астана қ-сы

№ 5 тақырып: Вакцинаның жеңуі – Жанат Әбілмансұр, 8 жас, Қарағанды қ-сы

Дата события Ассамблеи: 

Сейсенбі, 29 Тамыз, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15