You are here

«Олжас и я» және «Осенённый выдохом вечности» атты кітаптарының тұсаукесері өтті

12.12.2016, 11:02   401

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылы 10 желтоқсанда Алматы қаласындағы Достық үйінде «Ұлы Дала Елі - Тәуелсіздіктің 25 тұғыры» атты Тәуелсіздіктің 25 жұлдызды күнінің аясында Қазақстан халқы Ассамблеясының қамқорлығымен Қазақстан Республикасының халық жазушысы, ақын, ғалым, қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменовтің мерейтойына арналған «Олжас и я» және «Осенённый выдохом вечности» атты кітаптардың тұсаукесері өтті.  

Іс-шараға кітаптардың басты кейіпкері Қазақстан Республикасының халық жазушысы, ақын, ғалым, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов, ҚР Президенті жанындағы «Қоғамдық келісім РММ директоры Наталья Калашникова, «Олжас и я» атты кітаптың авторы Ермек Алданов, ҚР Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан Оразалин, Қазақстан халқы Ассамблея мүшесі Ұлы Отан соғысының ардагері Леонид Юзефович Гирш, ақын, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері Бақытжан Қанапиянов, шығыстанушы ғалым, «Олжас кітапханасы» баспасының директоры Сафар Абдулло, Қазақстан күрдтерінің «Барбанг» қауымдастығының жетекшісі Мирзоев Князь Ибрагимович және де ардагерлер, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, шығармашылық және ғылыми зиялы қауымның өкілдері, Алматы қаласының  жұртшылығы, Олжас Сүлейменовтың әріптестері, достары, сыныптастары мен курстастары қатысып, құттықтау сөздері мен жылы лебіздерін білдірді.

                                    

Аталған шығармашылық жобаның авторы,  «Мәдениет» халықаралық қорының кеңесшісі Ермек Алдановтың айтуынша, Олжас Омарұлының жан-жақты да жарқын тұлғасы - баға жетпес қазына. Ақынның «Земля, поклонись человеку» поэмасы жарық көргенде қазақ даласын орысша жырлаған нағыз жұлдыздың пайда болғаны бірден анық болды дейді. Осы поэманың арқасында ақын да, еліміз де бүкіл әлемге әйгілі болған. Аталған шығармалар жинағына Олжас Омарұлын танып, білетін және оқырмандарды «өз Олжасымен» таныстыруды ниет еткен белгілі тұлғалардың очерктері, эсселері, әңгімелері кіргендігін тілге тиек етті.

Салтанатты рәсімнен кейін, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстан халқы Ассамблея мүшесі Гирш Леонид Юзефовичті «За оборону Курска» медалімен марапатталды.

Қорытынды сөзді Қазақстан Республикасының халық жазушысы, ақын, ғалым, қоғам қайраткері Олжас Омарұлы Сүлейменов алып, кітаптың авторына және жарыққа шығуына атсалысқандарға, барша жиынға қатысушыларға алғысын білдірді.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15