You are here

Әлеуметтік дамудың өзекті мәселелері және оларды медиация институтын қолдана отырып шешу жолдары

11.11.2016, 18:07   528

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылғы 11 қарашада Алматы қаласында «Әлеуметтік дамудың өзекті мәселелері және оларды медиация институтын қолдануа отырып шешу жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел мен кәсіби емес медиаторларға арналған семинар өткізілді. Дөңгелек үстел модераторы Жақыпов Ж.А. .болды.

Жаңадан келген медиаторларға арналған оқыту бағдарламасы 1 күнге созылды. Оған Қазақстан Халқы Ассамблеясының этномәдени бірлестік өкілдері қатысты. Семинар-тренингте қатысушылар            бір-бірімен жақын танысып,  тәжірибе алмасты.

Іс-шара барысында Халықаралық құқық қорғау орталығының басшысы Жанділда Әжіғалиұлы қатысушыларды «Медиация  институтын әлеуметтік  мәселелерді шешу және қоғамдық тұрақтылық пен ынтымақтастықты сақтауға қолдану» жобасымен таныстырды.

Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы атынан төраға орынбасары Мамсуров Казбек Владимирович қатысты. Сондай-ақ саминарға республикалық методикалық медиация кабинеті мен Алматы қаласы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-сі өкілдері қатысты.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15