You are here

Құрметті отандастар!

30.12.2016, 16:25   3600

Версия для печатиPDF versionEPUB version

Қазақстан халқы Ассамблеясы Сіздерді жарқын да қуанышты мереке, әр отбасы және әрқайсымыз асыға күтетін мейрам – келе жатқан Жаңа 2017 жылмен құттықтайды.

Өткен жыл ерекше жыл болды – біз Отанымыз, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын атап өттік.

Тәуелсіздіктің 25 жылы еліміздің Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан үшін прогресс және тұрақты дамудың дәуіріне, бейбітшілік пен келісім қоғамын қалыптастырудың айшықты үлгісіне айналды.

Келер жылы біз Сіздермен бірге еліміз бен халқымыз үшін аса маңызды – Универсиада, ЭКСПО-2017, Астананың 20 жылдығы сияқты  ауқымды іс-шараларды өткізетін боламыз.   

Осының бәрі біздің біртұтас, ынтымағы жарасқан және талантты халқымызды,  Қазақ елін әлемге танытатын  болады.  

Қымбатты жерлестер!

Жаңа жыл – қашанда үкілі үміттер жанатын, биік мақсаттар  қойылатын мереке.

Келер жылдың қандай жыл болатыны, қаншалықты табысты болатыны  біздің әрқайсымызға тікелей байланысты. 

Сондықтан да біз, Сіздердің баршаңызға білімдеріңіз, қабілеттеріңіз, күш-жігерлеріңіз жаңа жетістіктерге жеткізсін, мүмкіндіктеріңіз мол, сенімдеріңіз берік болсын деп тілейміз.

Жаңа жылға құрған жоспарларыңыз іске асып, әр бастамаларыңыз  сәтті  болсын. 

Әрдайым жақындарыңыз аман, отбасыларыңыз берекелі болсын. Жаңа жыл Сіздерге шуақты сезімдер мен бақытты сәттер сыйласын, жарасымды сыйластық, келісті келісім, берік бірлік өмірлеріңіздің шырайын келтіріп, мерейлеріңізді асырсын.

Сіздерге зор денсаулық, ынтымақ пен береке, бақыт пен жасампаздық тілейміз! 

Қазақстан халқы Ассамблеясының Кеңесі

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15