You are here

«Конституция - Қазақстан халқы бірлігінің кепілі» тақырыбындағы жалпыреспубликалық акция

21.11.2016, 18:07   126

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2016 жылғы 21 қарашада Алматыдағы Достық үйінде «Ұлы Дала Елі – 25 Тәуелсіздік тұғыры» 25 жұлдызды күн» Жоспарын іске асыру аясында «Конституция  -Қазақстан халқы бірлігінің кепілі» тақырыбында жалпыреспубликалық акция өтті.

Іс-шараны Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ және Алматы қаласы республикалық Достық үйі жұмысын қамтамасыз ету қызметі бірігіп өткізді.

Өткен акцияға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Алматы қаласы мәслихатының депутаттары, Алматы қаласы ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы және мүшелері, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің  төрағалары мен мүшелері, Алматы қаласы ЖОО және колледж студенттері, ЭМБ жастар қанаты қатысты.

Акцияның негізгі мақсаты:  Қазақстан Республикасының Негізгі Заңын оқу арқылы қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, Қазақстан үшін мақтаныш сезіміне тәрбиелеу, жас ұрпақтың белсенді өмірлік ұстанымын қалыптастыруға ықпал ету, азаматтық өзін-өзі тану және Қазақстанда өз-өзін дамыту.

Іс-шараны Д. Қонаев атындағы Еуразиялық заң академиясының Қазақстан қалқы Ассамблеясы кафедрасының меңгерушісі, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, тарих ғылымдарының докторы Дана Мұқатова жүргізді.

Құттықтау сөздерімен Алматы қаласы ҚХА төрағасының орынбасары Мамсуров Казбек Владимирович пен Алматы қаласы ҚХА жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің төрайымы Ни Любовь Августовна сөз сөйледі.

Олар өз сөздерінде  Қазақстан қалқы Ассамблеясының қамқорлығымен өтіп жатқан акцияның маңыздылығы мен еліміздің Негізгі Заңына құрметпен қарап, қоршаған ортадағы адам құқықтарының бұзылуына, қатыгездікке, зорлық-зомбылыққа деген теріс көзқарасқа тәрбиелеу, әсіресе, жастар арасында құқықтық сауаттылықтың қалыптасуына ықпал ететіндігін атап өтті.

 «Конституция – Қазақстан халқы бірлігінің кепілі» тақырыбында Алматы қаласы Бостандық ауданы Әділет департаментінің өкілі Жанаргүл Даулетова мен «Тәуелсіздік  және отбасы» тақырыбында Алматы қаласы Неке сарайының өкілі Лейла Айтжанова баяндама жасады.

Сонымен қатар, Алматы қаласы Әуезов ауданы сотының медиаторы «Ата заңымыз және бітімгершіліктің рөлі» тақырыбымен Салтанат Қадыр мен «Тәуелсіздік 25 жыл: ұлттық идея азаматтық түсіну және саяси қоғамның ұлттық идеалы» тақырыбында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің магистранты Алия Ауытова, «Мәңгілік ел» ұлттық идея контекстінде жастарға ұлттық тәрбие беру» тақырыбында ЖОО 3 курс студенті Ернұр Бейсембаев баяндама жасады.

Алматы қаласы этномәдени бірлестіктерден ҚХА мүшесі, Алматы қаласы  «Ахыска» Түрік этномәдени бірлесті төрағасының орынбасары Қазақбай Қасимов, Алматы қаласы «Қазақстан дүнген қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Войнце Абубакир акцияға қатысты өз ойларын білдірді.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15