You are here

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған, «Қазақстан халқының тарихы мен дәстүрлері» фестивалі

15.12.2017, 12:47   238

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 ж. 9 желтоқсанда Алматы қаласының Достық үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған, «Қазақстан халқының тарихы мен дәстүрлері» фестивалі өтті. Іс-шара аясында мерекелік дастархан жайылды және концерттік бағдарлама дайындалды. Концертте этномәдени бірлестіктердің өнер ұжымдары өз өнерін көрсетті.

Салтанатты іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Хамедов Абилфас Муслимович, Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мамсуров Казбек Владимирович, республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшылығы мен қызметкерлері, БАҚ өкілдері мен жастар қатысты.

Іс-шара Хамедов Абилфас Муслимовичтің сөзінен бастау алды, ол қатысушыларды келе жатқан мейраммен құттықтап, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерін айтып, еліміз бен халқымыздың өрлеуіне ықыластылығын білдірді.

Келесі сөз республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктердің төрағаларына берілді. Олар, өз кезегінде, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың еліміздегі бейбітшілік пен келісімді сақтап, оның дамуына сіңірген еңбегіне алғыс білдірді.

Әрі қарай түрлі этнос өкілдерінен құралған әншілер, бишілер мен өзге де өнерпаз топтардан тұратын концерттік бағдарлама басталды. Осы күні Алматыдағы Достық үйінде мерекелік атмосфера, қуаныш, достық пен бірлік орнағанын айта кеткен жөн болады.

Дата события Ассамблеи: 

Жұма, 15 Желтоқсан, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15