ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫНЫҢ ҚР ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә.НАЗАРБАЕВТЫҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАУ БОЙЫНША РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КЕҢЕСІ

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2018 жылы 30 қаңтарда Алматы қаласының Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары - Хатшылық меңгерушісі Мыңбай Дархан Қамзабекұлының қатысуымен республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктер жетекшілерінің кеңесі өтті.

Іс-шараның негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауын талқылау.

Сондай-ақ, іс-шара барысында Д.Қ.Мыңбай ҚХА-ның алдағы уақытта іске асыратын жобаларына тоқталды. Соның ішінде, «Жаңғыру жолы» деп аталатын Республикалық жастар қозғалысының құрылтайын өткізу, Қазақстанның 100 жаңа тұлғасын қоғамдық-саяси тұрғыда ілгерілету үшін 11 арнайы жобаларын жүзеге асыру жоспарланған. Олардың барлығы жастарға бағытталған.

Іс-шара барысында Қырықбаев Арман Оразбайұлы – Алматы қаласы әкімінің орынбасары, Шардинов Ахметжан Бәкрімұлы – Республикалық ұйғыр мәдени орталығының ардақты төрағасы, Кан Георгий Васильевич – Алматы кәріс ұлттық орталығы төрағасының орынбасары, Молайханов Шохмурод Анарханұлы – Өзбек этномәдени бірлестігінің жастар қанатының төрағасы, Жүсіп Нұртөре Байтілесұлы – «Айқын» республикалық газетінің бас редакторы, Лукашев Всеволод Анатольевич – Қазақстан орыс мәдени орталығының төрағасы, Клименко Олеся Сергеевна – «DAZ» республикалық неміс газетінің бас редакторы, Алматы қаласы этноБАҚ Тілшілер клубының төрайымы, Барон Александр Иосифович – «Мицва» Қазақстан еврей ұлттық ұйымдар ассоциациясының төрағасы, Сыздықов Серікбол Құсайынұлы – Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушысы, Қазақстан дүнгендері қоғамының мүшесі сөз сөйледі.

Қатысушылардың барлығы қойылған міндеттерді жүзеге асыруға белсенді қатысып, халықпен түсіндіру жұмыстарын жалғастыру шешімімен толығымен келісті.

Республикалық кеңес шеңберінде Алматы қаласы Достық үйінде жаңа пресс-залдың тұсаукесері өтті. Тұсаукесер аясында Д.К.Мыңбай  этномәдени бірлестіктердің жанындағы БАҚ-ның бас редакторлары мен тілшілерімен кездесті. Ол этносаралық бірлік пен достық идеясын нығайту мақсатында, жалпықазақстандық тақырыпта материалдарды қосу бойынша журналистер алдына бірнеше міндет қойды.

Іс-шара Д.Мыңбайдың қатысуымен өткен Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында жазушы Иминов Исмаилжанның «Первая Каргалинская...» атты кітабының тұсаукесерімен жалғасты. Тұсаукесерге республикалық және қалалық этномәдени бірлестіктерінің жетекшілері, ғылым, өнер мен қоғам зиялылары қатысты. 

Дата события Ассамблеи: 
Сейсенбі, 30 Қаңтар, 2018

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.