You are here

«Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіруді жүзеге асырудың әлеуметтік-саяси аспектілері» тақырыбындағы Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция

15.12.2017, 12:36   201

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 8 желтоқсаны күні Алматы қ. Достық Үйінде ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану институты Алматы қ. ҚХА Ғылыми сараптамалық тобымен бірге «Қазақ жазуын латын әліпбиіне көшіруді жүзеге асырудың әлеуметтік-саяси аспектілері» атты тақырыпта Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізді. Ғалымдар, мамандар мен ғылыми қауымдастық өкілдерінің аталған конференциясы латын графикасына қазақ тілін ауыстыру бойынша ҚР Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасын іске асырудың әлеуметтік-мәдени, саяси және әдіснамалық аспектілерін талдауға арналған.

Аталған конференция барысында «Бес институционалды реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары, болашақтағы біртұтас Ұлтты қалыптастыру және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты Мемлекет басшысының бағдарламалық мақаласы бойынша жалпықазақстандық бірегейлік және Қазақстан этностарының бірлігі мен келісімін нығайту шеңберінде қазақ әліпбиінің алдағы реформасын іске асырудың өзекті мәселелерін жан-жақты талқылауы өтті.

Қазақ әліпбиін реформалау тарихи алғышарттармен астасып жатыр және әлемдік технологиялық және коммуникациялық кеңістікке енуге бағытталған. Сонымен бірге бұл мәселе қазақстандықтардың қоғамдық санасын жаңғырту аясында жалпықазақстандық ұлттық бірегейлікті нығайту мен рухани жаңғыру үшін үлкен мәнге ие. Сондықтан 2012 жылдың 14 желтоқсанында Президент өзінің «Қазақстан-2050» Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында «аталған әлеуметтік-экономикалық және рухани өмірді жаңғырту Қазақстан халқын топтастырушы болуы тиіс» - деп атап көрсетеді.

Конференция жұмысына танымал қазақстандық ғалымдар, тарих және тарихнама, этномәдени саясат және этносаралық қарым-қатынас саласындағы мамандар қатысты. Конференцияға белгілі ғылыми мамандар – тілтанушылар, философтар, саясаттанушылар, әлеуметтанушылар, қоғамдық қызметкерлер, журналистер, қалалық және республикалық этномәдени бірлестік өкілдері, ҚХА республикалық Ғылыми сараптамалық кеңесінің және Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми сараптамалық мүшелері шақырылды.

Дата события Ассамблеи: 

Жұма, 15 Желтоқсан, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15