You are here

Қазақ тілінің латын әліпбиесіне өту ерекшіліктері

13.09.2017, 17:54   502

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 13 қыркүйекте Алматы қаласындағы Достық үйінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында «Қазақ тілінің латын әліпбиесіне өту ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Ұйымдастырушылар: Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы мен Достық үйінің жұмысын қамтамасыз ету қызметі.

Дөңгелек үстелге Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары А.М.Хамедов, Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының жетекшісі Н.А. Балғынбаев,  қалалық тілдерді дамыту басқармасының жетекшісі М.К. Ахетов,  қаладағы этномәдени бірлестіктердің жетекшілері мен активі, жастар мен этноБАҚ өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында қазақ тілінің латын әліпбиіне өту мәселесі жайлы Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Хамедов Абилфас Муслимович; «Барбанг» Қазақстан күрдтері қауымдастығының төрағасы – Мирзоев Князь Ибрагимович; Тілдерді дамыту басқармасының жетекшісі – Ахетов Мамай Қаниұлы; «Ахыска» түрік ұлттық орталығы төрағасының орынбасары – Асиев Шахисмаил Ахметович; Алматы кәріс ұлттық орталығы төрағасының орынбасары, Рухани жаңғыру бағдарламасын жүзеге асыру бойынша ұлттық комиссияның мүшесі – Кан Георгий Васильевич; Қазақстан орыс мәдени орталығының төрағасы – Лукашев Всеволод Анатольевич; «Наири» Қазақстан Республикасының армян мәдени орталықтары қауымдастығының төрағасы – Карапетян Артуш Месропович сөз сөйледі.

Дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты қазақ тілінің латын әліпбиіне кезең-кезеңмен өту жобасының мәселелерін талқылау мен осы жобаны жүзеге асыруға қолдау көрсету бойынша іс-шараларды өткізу. Отырыс қатысушыларының барлығы рухани жаңғырудың барлық бағыттары қабылданған ұзақ мерзімді жобаларға қолдау көрсетіп, Қазақстанның жарқын келешегін жетуге бағытталғанымен келісті. Сондай-ақ, қазақ тілінің латын әліпбиіне өту мәселесі бұрыннан пайда болды. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясында 2025 жылдан бастап қазақ тілінің латын әліпбиіне өтуі жайлы айтқан болатын.

Латын әліпбиі қоғамның күнделікті өмірінде нығайтыла береді, сондай-ақ, қоғамда орыс тілінен қол үзілмейді.

Дөңгелек үстелді қорытындылай келе, қатысушылар, Қазақстан халқы Ассамблеясы этномәдени бірлестіктерінің мүшелері рухани жаңғыруды жүзеге асыруға бар күштерін салатындығын мәлімдеді.

Дата события Ассамблеи: 

Сәрсенбі, 13 Қыркүйек, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15