You are here

Депутат Ш.У. Нурумовтың халықпен кездесуі

04.01.2018, 16:16   121

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2018 жылы 4 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Нурумов Шаймардан Усаинович Алматы қаласы Алатау ауданының тұрғындарымен кездесті. Кездесу №181 жалпы білім беру мектебінде өтті. Кездесуге аудан тұрғындары, мектеп мұғалімдері, кәсіпкерлер, БАҚ өкілдері және жастар қатысты.

Өз сөзінде депутат қатысушыларға Мәжіліс жұмысы туралы, қабылданған заңдар бойынша және Қазақстан халқы Ассамблеясының депутаттық тобының қызметі бойынша ақпарат берді. Сонымен бірге, ол Президент Н.Назарбаевтің «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын түсіндіріп, мемлекет экономикасының қазіргі жағдайы және тағы басқа мәселелер туралы айтып берді. Аудан тұрғындары депутатқа экономикаға, аудан тұрғындарының әлеуметтік деңгейін жақсартуға, халықтың осал топтарына әлеуметтік көмек көрсетуге байланысты сұрақтар қойды.

Шаймардан Усаинович халықтың өтініштерін қолдап, уәкілетті органдарда барлық мәселелерді көтеруге және сәйкес заң жобалары бойынша Парламент Мәжілісінің жұмыс тобына ұсыныстар енгізуге уәде берді.

Дата события Ассамблеи: 

Сенбі, 6 Қаңтар, 2018

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15