You are here

Бокстан халықаралық турнир басталды

13.07.2017, 17:05   344

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 12 шілдесінде «Туран» университетінің спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтің жүлдесі үшін бокстан ХХ Халықаралық жарыстың ресми ашылуы өтті.

Астана күніне арналған халықаралық жарыс Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен өтіп жатыр. Ұйымдастырушы - «Ахыска» Түрік ұлттық орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігі.

Іс-шараның ашылу салтанатына жарыстың басты демеушісі, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары  Ш.А. Асиев, Алматы қаласы Бостандық ауданы әкімінің орынбасары  М.Е.Балбаева, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары – Р.К.Кушалиев, «Бокстан олимпиада чемпиондарын дайындау орталығы» РМКМ директоры Е.С.Ибраимов, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтің жүлделері үшін бокстан халықаралық жарыстар өткізудің алғашқы негізін салушысы  С.А.Усейнов, жастар, спорт мекемелерінің, БАҚ өкілдері және т.б. қатысты.

Жарысқа Қазақстан, Түркия, Ресей, Әзірбайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия мемлекеттерінен келген, 2002-2003 жылы туған жасөспірімдер қатысты.

Жарысты «Бокстан олимпиада чемпиондарын дайындау орталығы» РМКМ директоры, Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибрагимов құттықтау сөз сөйлеп ашты. Ал Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Балабаева Маржан Ертайқызы турнирге қатысушыларды құттықтап, сәттілік тіледі.

Жарыстың басты демеушісі – ахыска түріктерінің бүкіләлемдік қауымдастығының төрағасы, түрік-этномәдени орталығының төрағасы З.И. Касанов.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15