Бейбітшілік пен келісім жол картасы

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2014 жылдың 31 қарашасында «Алтын Адам» мәдени орталығында «Бейбітшілік пен келісім жол картасы» акциясы аясында Ұлы Отан Соғысы ардагерлері үшін, Алматы қаласының ҚХА мен Бостандық ауданының әкімшілігімен бірлесе отырып, мерекелік іс-шара өткізілді. Сонымен қатар Бостандық ауданынан Әуезов ауданына салтанатты түрде «Ассамблея жолы» атты тілектер кітабы тапсырылды.

Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының орынбасары Смирнов А.Б., Бостандық ауданы әкімінің орынбасары Манзоров С.Б., Бостандық ауданы бойынша Ішкі саясат бөлімінің жетекшісі А. Нысанбаев пен этно-мәдени бірлестіктердің мүшелері қатысты.

Жалпы іс-шараға 100 астам адам қатысты.

Жаңа пікірді жазу

Plain text

  • No HTML tags allowed.
  • Веб-парақтар және e-mail мекенжайларын автоматты түрде сілтемеге аударады.
  • Жол және абзац үзілімдері автоматты түрде қойылады.