You are here

Балалар шығармашылығы күні: бейнелейміз; мүсіндейміз; ойып-қиямыз

05.07.2017, 18:00   60

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 05 шілдеде Алматы қаласы республикалық Достық үйінде Қазақстан Республикасының бас қаласы - Астана күніне арналған «Балалар шығармашылығы күні: бейнелейміз; мүсіндейміз; ойып-қиямыз» атты мерекелік іс-шара болып өтті.

Іс-шара мақсаты: патриотизм мен Еліміз - Қазақстан Республикасы, бас қаламыз - Астана үшін мақтаныш сезімін тәрбиелеу; жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Іс-шараға ЭМБ жетекшілері мен мүшелері, 5-10 жас аралығындағы бүлдіршіндер мен олардың ата-аналары, ЭМБ өнерпаздары, «Жарасым» республикалық жастар ұйымының өкілдері қатысты.

ҚХА мүшесі, «Белорус мәдени орталығы» ҚБ жетекшісі Леонид Николаевич Питаленко және «Қазақстандағы орыс қауымы» ҚБ мүшесі Ирина Ивановна Соколова мерекелік іс-шараны ашып, барша қатысушыларға жылы лебіздерін білдірді.

Олар осы күндері Астана туралы көптеген жақсы сөз айтылатындығын, сонымен қатар балалардың сурет салу, өлең оқу, өнер көрсету арқылы Елордамызға деген өз сүйіспеншілігін білдіретіндігін атап өтті.

Іс-шара барысында ЭМБ шығармашылық ұжымдары дайындаған мерекелік концерт мен Елордамыз Астанаға арналған танымдық сайыс өткізілді. Балалар Қазақстан мен Астана тарихын жақсы білетіндігін көрсетті. Барша бүлдіршіндер «Балалар шығармашылығы күні: бейнелейміз; мүсіндейміз; ойып-қиямыз» сайысына қатысып, өз өнерлерімен Астананың көрікті жерлерін үлкен шеберлікпен жеткізе білді.

Іс-шара соңында флешмоб ұйымдастырылып, оған барша қонақтар мен балалар қатысты.

Іс-шара ұйымдастырушылары қатысушыларға сыйлықтар мен тәттілер тарту етті.

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15