You are here

«Айбары асқақ – Ата заң!»

28.08.2017, 16:39   322

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылғы 28 тамызда «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» ұйымдастыруымен ҚР Конституциясы күніне арналған  «Айбары асқақ – Ата заң!» атты облыстық форумы өтті.

Іс-шара этносаралық келісімді нығайту, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеп, бірлікке ата заңымызды қастерлеуге шақыру мақсатында өткізілді.

Алматы облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Ғ.Тұрсынбай төрағалық еткен форумға облыстық этномәдени орталықтарының белсенділері, облыстық ҚХА жанындағы «Ұлағат» ақсақалдар кеңесі, «Бірлік» жастар қауымдастығы, «Парасат» тіл жанашырлары, жетекші журналистер мен сарапшылар клубының мүшелері, зиялы қауым өкілдері қатысты.

Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Әз Тәукенің “Жеті жарғысынан” бері дала заңымен үндесіп келе жатқан Тәуелсіз елдің конституциясы бейбітшілігіміз бен бірлігіміздің, берекелігіміздің кепілі десті жиналған көпшілік. Саяси тұрақтылық пен ішкі тыныштықты сақтауды мақсат тұтқан Ата заңымыздың қабылданғанына биыл 22 жыл. Жиында сөз алған Облыстық «Нұр Отан» партиясының төрағасы Ғалиасқар Сарыбаев, «Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының» заңгер-медиаторы Айбүбі Махмет, 18404 әскери бөліміндегі тәрбие және идеология жұмысы бойынша командирдің орынбасары, тәрбие және идеология бөлімінің басшысы, подполковник Бауыржан Арысбаев, Әділет органының ардагері, 1-ші дәрежелі заңгер Сәуле Баймолдақызы, Алматы облысы ІІД анықтау басқармасының аға анықтаушысы, полиция подполковнигі Айдос Қыдырбаев барша қатысушыларды мерекемен құттықтап, Конституцияның арқасында татулық пен бірлігі жарасқан ел болуға шақырды.

Форум соңында Достық үйі көркемөнерпаздары ұжымының мерекеге арналған концерттік бағдарламасы берілді.

Дата события Ассамблеи: 

Дүйсенбі, 28 Тамыз, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15