You are here

Алматы қаласы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері арасында мемлекеттік тілді білу бойынша «Тіл - татулық тірегі» атты конкурсы

15.12.2017, 12:57   289

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 ж. 9 желтоқсанда Алматы қаласының Достық үйінде Алматы қаласы этномәдени бірлестіктерінің өкілдері арасында мемлекеттік тілді білу бойынша «Тіл - татулық тірегі» атты конкурсы өтті. Іс-шараға Алматы кәріс ұлттық орталығы төрағасының орынбасары, профессор, тарих ғылымдарының докторы Кан Георгий Васильевич, Алматы қаласы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ директоры Мұрынова Жаннат Шарапханқызы, этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Алматы қаласы ЖОО-ның студенттері, БАҚ өкілдері, жастар қатысты.

Қазақстан Республикасы Президентінің соңғы, 2017 жылдың 31 қаңтарынан жолдауына негізделе отырып, инновациялық дамуға өту – қазіргі кездегі қазақстандық қоғамның маңызды мақсаты екенін айтуға болады. Осы мақсатты жүзеге асырудағы басты бағыттардың бірі біздің мемлекетіміздегі білім беру жүйесінің рөлін ауыстыру болып табылады. Инновациялық ойлау және оған негізделген инновациялық қызмет, өз кезегінде, әлеуметтік өзгерулерге бейімделу стратегияларының бірі болып табылады. Осы мақсатқа жету векторы Қазақстан Республикасының жастары болып табылады.

Мемлекеттің дамуындағы жастардың үлкен үлесі осындай іс-шараларды өткізу қажеттілігін туындатады. Іс-шара қазіргі кездегі өзекті мәселелерді айқындауға, дұрыс құндылықтарды қалыптастыруға және заманауи жастардың мәдени деңгейін жетілдіруге мүмкіндік береді. Осы іс-шараны өткізе отырып, ұйымдастырушылар, жастарды, этносаралық келісім мен отансүйгіштік идеяны тарата отырып, қоғамдық қызметке тарту мақсатында, өз алдына осы міндеттерді қойды.

Іс-шара біткеннен кейін, жеңімпаздар естелік жүлделер мен дипломдарға ие болды.

Дата события Ассамблеи: 

Жұма, 15 Желтоқсан, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15