You are here

Алматы қ. Достық үйінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Хахазов Ш.Х. Қазақстан дүнгендер қоғамымен кездесу өткізді

25.08.2017, 17:56   239

Версия для печатиPDF versionEPUB version

2017 жылдың 25 тамызында Алматы қ. Достық үйінде ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Хахазов Ш.Х. Қазақстан дүнгендер қоғамымен кездесу өткізді. Кездесуде келесі мәселелер талқыланды: 1.Алматы қ. дүнген мәдени орталықтарының біріктірілуі және оңтайландырылуы; 2.Алматы қ. дүнген орталығының жетекшісі лауазымына кандидатураны талқылап, тағайындау; 3.Алматы қ. дүнгендерінің жалпы жиналысын өткізу. Алматы қ. дүнгендері жалпы жиналысында қаланың дүнген орталықтарын біріктіріп, орталықтың жетекшісін тағайындау ұсынысы жасалды.

Сонымен бірге, кездесу аясында Хахазов Ш.Х. Алматы қ. Достық үйінің қоғамдық қабылдау бөлмесінде Қытай университетінің докторанткасын, Хишанло Сальмира Хусаиновнаны қабылдады. Олар дүнгендердің тұрмысы мен өмір тарихын зерттеуге қолдау көрсету мәселесін талқылады.

Дата события Ассамблеи: 

Жұма, 25 Тамыз, 2017

Байланыс

Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан Республикасы
010000, Астана қаласы 
Сол жағалау, Үкімет үйі

e-mail: info_rgy@mail.ru

 тел.: + 7 7172 74 02 96

          + 7 7172 74 12 13

          + 7 7172 74 12 15